Қаламымен қайсар ерлік көрсеткен, Кітаптарын сан елдерге елші еткен, Рахметолла Райымқұлов есімі, Нұр-шапағын екі елге де тең сепкен! Аталарды теңейміз біз асылға, Ұрпақ үшін тер төкті олар жасында. Мектеп аштық Ташкент-шаһар төрінде, Рахметолла атамыздың атында. Кітаптары қалды артында біз оқыр, Атақ-даңқын ал, оқушым, тізе тұр. Әке есімін болашаққа жалғаған, Арамызда Ақтотыдай қызы отыр. Кешегі ердің бұл Ташкент бесігі, Қазақ, өзбек ұмытпайды осыны. Атамыздың ардақты аты берілген, Құтты болсын мектебіміз есімі!!!